ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУДЕ БАКАЛАВРЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Abstract
Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңында» білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [3]. Оқу үрдісі бакалаврлардың оқу – танымдық әрекеті негізінде жүзеге асса, ал оқу – танымдық әрекеті негізінде бакалаврлардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі бакалаврлардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Бакалаврлардың аудиториялық сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Аудиториялық аудиториялық сабақтың тиімділігін арттыру және бакалаврлардың математика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдары бірі аудиториялық сабақ барысында бакалаврлардың алған білімін баяндауға ынталығын және математика тарихы элементтерін енгізе отырып, есептің текстік мазмұны тартымдылығын арттыру керек. Студент назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты, тартымды есептер, математикалық софизмдер мен ойындар аудиториялық сабақ үстінде өзінің орнын табу керек. Мұндай есептер бакалаврлардың математикаға деген ынта – ықыласын арттырып, есептерді өздігінен шешуге итермелейді, логикалық ой-өрісін дамытады. Қызғылықты есептер, математикалық ойындар, әсіресе, бірінші, екінші курс студенттері үшін сарынды есеп шығарудан шаршамас үшін әр түрлі математикалық жарыстар, ойындар ұйымдастырылғаны жөн.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.