МЕКТЕП КУРСЫ МАТЕМАТИКАСЫНДА КОМПЛЕКС САНДАР ТЕОРИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Authors

  • А.Ж.Омарова
  • А.ОБерік

Abstract

Математикалық білім беру үздіксіз білім беру жүйесінің бір бөлігі және қазіргі қоғамда адамның зияткерлік қабілетінің дамуын қамтамасыз етуде маңыздылығы жоғары. Ал, орта білім беру жүйесінде математиканы оқыту оқушылардың танымдық қабілеттері мен логикалық ойлауын дамытумен ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес «Математика»   пәнінен   оқу   бағдарламаларында   оқытудың   мақсаты:

«...практикалық іс-әрекетте пайдалануға, сабақтас пәндерді оқып үйренуге, білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту және оқушылардың логикалық ойлауын, дәлелдеулер жасай білу, есептерді шығару біліктері мен дағдыларын дамыту, математикалық сауаттылығын қалыптастыру», – деп анықталған.

Математиканы оқытуда есептерді шығару маңызды рөл атқарады. Оқытудың түпкілікті мақсаты оқушылардың белгілі бір есептер жүйесін шығарудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруі және мектеп математика курсындағы ұғымдар мен әдістерді игеруі болады. Математикалық есептерді шығаруды оқытудың дұрыс ұйымдастырылған әдістемесі оқушылардың ойлауы мен математикалық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ математиканың практикалық қолдану білігі мен дағдыларын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

Published

2025-06-30

How to Cite

А.Ж.Омарова, & А.ОБерік. (2025). МЕКТЕП КУРСЫ МАТЕМАТИКАСЫНДА КОМПЛЕКС САНДАР ТЕОРИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. Academics and Science Reviews Materials, (10). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ASCRM/article/view/6527

Issue

Section

Physical and Mathematical Sciences