Жошы ұлысындағы мемлекеттік саяси құрылым мен сыртқы саясатының даму тарихы
Keywords:
мемлекеттік басқару жүйе, қоғамдық құрылым, әкімшілік жүйе, Алтын Орда, Жошы ұлысы, Қыпшақ хандығы, ислам дініAbstract
Мақалада Алтын Орданың саяси тарихы, ішкі және сыртқы саясаты, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ерекшеліктер мен қоғамдық құрылысы талданады. Ерекше назар аударарлық жайт деп Алтын Орданың Құлағу ұлысы, Мәмлүк сұлтандығы, Византия империясы және крестшілдермен қарым-қатынасын айтуға болады. Халықаралық аренада беделді әрі ықпалды болу үшін Алтын Орда ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдап, мұсылман билеушілеріне иек артқан. Алтын Ордадағы діни алауыздық елдің ыдырауына алып келген. Ал Алтын Орданың қоғамдық құрылысы мен мемлекеттік құрылымы кейін Қазақ хандығының басқару жүйесінде де көрініс тапқан. Алтын Орда жетік дамыған, мемлекеттік басқару жүйесі өте күрделі көшпелі мемлекет болған. Мақалада салыстырмалы талдау, тарихилық және объективтілік қағидаттары қолданылды
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.