«Қасиетті Қазақстан» бағдарламасының мәні мен мазмұны

Authors

  • Шакиржанов Темірлан Алимжанұлы Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Keywords:

Қасиетті Қазақстан, рухани жаңғыру, ұлттық бірегейлік, тарихи мұра, мәдени жоба, киелі орындар

Abstract

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтау мен рухани жаңғыру – Қазақстан қоғамы алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы еліміздің тарихи-мәдени мұраларын жаңғырту, қасиетті жерлерді зерттеу және оларды ұлттық мақтаныш нысанына айналдыру, ұлттық сана-сезімді күшейту арқылы жастардың отансүйгіштік рухын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Бұл жұмыста «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасының мәні мен мазмұны жан-жақты талданған. Зерттеу барысында бағдарламаның шығу алғышарттары, негізгі мақсаттары мен бағыттары, сондай-ақ оның ұлттық сана мен рухани жаңғыру үдерісіндегі рөлі қарастырылды.

Жұмыстың өзектілігі – қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтап, халықтың тарихи жадын жаңғырту мәселесінің маңыздылығында. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған стратегиялық жоба болып саналады. Ол еліміздегі тарихи және киелі орындарды жүйелі түрде зерттеп, олардың рухани, мәдени және туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижесінде бұл бағдарламаның «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты өзге тарихи-мәдени жобалармен байланысы салыстырмалы түрде талданып, оның өзіндік ерекшеліктері анықталды. «Қасиетті Қазақстан» жобасы материалдық мәдени мұрадан гөрі рухани және тарихи санаға басымдық беретіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, экономикалық даму көздейтін алғашқы бағдарлама болып саналады.

Жалпы, аталған бағдарлама ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың, елдің рухани тұтастығын қалыптастырудың және жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Published

2025-10-13

How to Cite

Шакиржанов Темірлан Алимжанұлы. (2025). «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасының мәні мен мазмұны. Academics and Science Reviews Materials, (11). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ASCRM/article/view/6885