ЖАНУАРЛАРДЫҢ ОРМАНДА ТІРІШІЛІК ЕТУІ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ

Authors

  • Кабдрахманова Арайлым Сабыржановна Орман ресурстары және аңшылықтану ББ, 1 курс студенті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Қазақстан, Семей қаласы

Abstract

Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар:

Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады.

Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). Мысалы, қанқыз бүгін бір жерден көрінсе, ертеңіне дәл сол жерден көрінбейді, себебі, ол бір орында тұрмайды, жорғалап не ұшып кетеді.

Өсімдік бір орында өседі. Оның тұқымдары ғана басқа жерлерге әр түрлі жолдармен орын ауыстырып таралады.

Жануарлардың көпшілігінде ас қорытуды, тыныс алуды, зәр шығаруды қамтамасыз ететін және сыртқы ортамен қарым-қатынасты жүзеге асыруды реттейтін арнайы мүшелері, мүшелер жүйесі болады.

Көптеген жануарлардың денесі екі жақты симметриялы болып келеді: дененің оң және сол жағындағы мүшелері жұп және бірдей қызмет атқарады.

Published

2023-03-12

How to Cite

Кабдрахманова Арайлым Сабыржановна. (2023). ЖАНУАРЛАРДЫҢ ОРМАНДА ТІРІШІЛІК ЕТУІ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ. Academics and Science Reviews Materials, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ASCRM/article/view/985