БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҮЗДІК КИНОЛАРДАҒЫ АЗАМЗАТҚА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Keywords:
балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, кино, қаламгер, адамзаттық құндылықAbstract
Көркем туынды – шығармагердің философиялық ой-өрісінің, эстетикалық талғам-танымының, дүниеге деген көзқарасының жемісі.
Әр елдің адамзатқа ортақ құндылықтарын танытатын сапалы туындыларын әлемдік деңгейде насихаттап, балалар мен жасөспірімдердің өсіп, жетілуі жолында оң бағыт-бағдар беруге, жаңа буынның таным көкжиегін кеңейтуге зор ықпал жасайтын үлкен механизм – бұл кино индустриясы екені даусыз. Дүние жүзі халықтарының ішінен іріктеліп, үздік болып танылған дарынды қаламгердің туындысының тынысы кеңейіп, кең әлемге жол ашуына мүмкіндік сыйлайтын үлкен қадам кино, фильмге айналған туындылар. Бүгінгі ақпараттық-технологиялық дамудың биігіне құлаш сермеген жаһандық ғаламда кино, фильм индустриясы үлкен қаруға, үлкен идеологияға айналып отырғаны жасырын емес.
Осы мәселеге біршама терең зерделеу жасаған мақаламызда әлем және түркі халықтарының балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің үздік туындаларына түсірілген кино-фильмдерде адамзатқа ортақ құндылықтың насихатталуы зерттеуіміздің басты ғылыми өзектілігін танытады.