ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Authors

  • Шакарманова Майжан Пшембаевна Педагогика және психология магистрі, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, Инновациялық Еуразия университеті, Қазақстан Республикасы
  • Тусупбекова Гульнар Толеукеновна Биология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының профессоры, Инновациялық Еуразия университеті, Қазақстан Республикасы

Abstract

Қазіргі әлемде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (ЕББҚ) жаппай жалпы білім беретін мекемелерге интеграциялау – барлық жоғары дамыған елдерге қатысы бар жаһандық қоғамдық процесс. Оның негізі  қоғам мен мемлекеттердің мүгедектер мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) тұлғаларға қарым-қатынас жүйесін қайта қарастыруға дайындығы болып табылады.

«Қазақстан 2050» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі білім беру болып танылды. Қазақстанның саясаты барлық азаматтардың әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәртебесіне қарамастан сапалы білім алуға құқықтарын іске асыруға бағытталған. Қазіргі заманғы инклюзивті білім беру процесі типтік емес баланы оқу орнының оқу ортасына қосу жүйесі ретінде мемлекеттік саясаттың тікелей әсерінен болады. ҚР Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен «ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала» ұғымының мазмұны ЭЫДҰ елдері ұсынған анықтамаларға сәйкес толықтырылды.

Published

2023-03-12

How to Cite

Шакарманова Майжан Пшембаевна, & Тусупбекова Гульнар Толеукеновна. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ. Academics and Science Reviews Materials, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ASCRM/article/view/992