БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ:ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ

Authors

  • М.Н.Сағидоллаева «Құқық қорғау органдары» білім берубағдарламасы, 3-курс Қылмыстық пәндер кафедрасы Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті,Атырау, Қазақстан Республикасы
  • А.Ғ.Ниязова «Құқық қорғау органдары» білім берубағдарламасы, 3-курс Қылмыстық пәндер кафедрасы Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті,Атырау, Қазақстан Республикасы
  • Рыскулбекова Балжан Рашитовна з.ғ.м. «Құқықтану»кафедрасының аға оқытушысы., Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті , Алматы, Қазақстан

Abstract

Бұл мақалада Қазақстан Республикасында құқық үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау жүйесіндегі бала құқығын қорғау, қоғамдағы жас өспірімдердің қылмыстылығы, мектеп жасындағы балалардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу, болдырмау шаралары  туралы қамтылған.Бала құқығы Джебб Эглантайн декларациясыннан бастау алды.Эглантайн Джебб бала құқықтары туралы декларациясы принциптері бүгінгі күнде қолданыстағы БҰҰ Бас Ассамблеясы 1959 жылы 20 қарашада бекітілген бала құқықтары туралы екінші  негізі. Джебб Эглантайн бала құқығы туралы декларациясы принциптері балаға оны қалыпты даму үшін материалдық және рухани жағынан қажетті құралдар берілуі керек, аш баланы тамақтандыру керек, ауру баланы емдеу керек, қателескен баланы түзеу керек, кінәлі баланы қайта тәрбиелеукерек, жетім мен балапанды қорғап, қолдау керек,  қиын сәтте көмекті бала бірінші алуы керек, бала нәпақа тауып, қанаудың кез келген түрінен қорғалуы керек, бала өз талантын  басқаларға қызмет етуге арнау керектігін түсініп тәрбиелеу керек осы жоғарыда айтылған принциптер 1924 жылы 26 қыркүйекте Ұлттар Лигасы «Бала құқығының Женева  декларациясы » деп аталды.Сонымен, алғаш  рет «бала құқығы » түсінігі ресми түрде пайда болған болатын.Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтарының Декларациясы кіріспесінде «Адамзат балаға ең жақсысын беруге міндетті екенін ескере отырып, Бас Ассамблея балалардың бақытты балалық шақтарын  қамтамасыз ету мақсатында осы Бала құқықтарының Декларациясын  жариялайды...»,-делінген.Біздің елімізде  Қытай мемлекетіндегі  бала құқығы, білім беру жүйесі  ерекшеліктері кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстылық пен суицид себептері мен  статистикалаық көрсеткіштер айырмасы қамтылған.2002 жылы 8 тамызда елімізде «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды, ол ҚР Конституциясында кепілдік берілген баланың негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асырудағы қатынастарды реттейді.2004 жылы Қазақстан БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі конвенцияға  қол қойды.2006 жылдан бастап Қазақстанда Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті жұмыс істейді.Заңда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мақсаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылды. Баланың отбасындағы қарым-қатынасына, бала мен қоғамға, мүгедек баланың құқықтарына және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарына бөлек тараулар арналған. Сонымен, мемлекеттік саясаттың балалар мүддесі үшін негізгі мақсаттары мынадай: балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу; олардың құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру; бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру; балалардың дене бітімі, зияткерлік,рухани және өнегелік жағынан дамуына жәрдемдесу қамтылған.Сонымен қатар мақалада  бала даму барысында бала құқығы сақталу,қоғамда орын алып жатқан мән-жайлар баланы ұрып-соғу, асырап алған  ата-анасынан жасөспірімнің  зорлық-зомбылық көруі  жағдаяттары қолданылған шаралар көзделген.

Published

2023-05-08

How to Cite

М.Н.Сағидоллаева, А.Ғ.Ниязова, & Рыскулбекова Балжан Рашитовна. (2023). БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ:ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ . Interdisciplinary Science Studies, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ISS/article/view/1405