ӘЛ-ФАРАБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Authors

  • Сейпутанова А.К. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. (Өскемен қ., Қазақстан)
  • Дәулет М «Бозанбай орта мектебі» КММ мұғалімі (Қазақстан)

Abstract

Әбу Насыр әл-Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.

Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп. те атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар – бір жағы көшпелі мал. шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп. атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз Әл-Фараби атанып кеткен.

Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдат, Қорасан, Дамаск, Каир, т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің аса көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергелерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

Published

2023-05-08

How to Cite

Сейпутанова А.К., & Дәулет М. (2023). ӘЛ-ФАРАБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕЛЕРІ . Interdisciplinary Science Studies, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ISS/article/view/1427

Issue

Section

Philosophical Sciences