АТОМДЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • Рахымбеков Айтбай Жапарович ф-м.ғ.к, доцент, қауымдастырылған профессор
  • Айғазы Сұңқар Ермекұлы магистрант, І.Жансугуров атындағы Жетісу университеті ,Талдыкорган қаласы.

Keywords:

атомдық физика, кванттық физика, физиканы оқыту әдістемесі, ғылыми дүниетаным, цифрлық технологиялар, виртуалды эксперимент, проблемалық оқыту, зерттеушілік дағдылар

Abstract

        Мақалада жалпы білім беретін мектептерде атомдық және кванттық физика негіздерін оқытудың ғылыми-әдістемелік аспектілері қарастырылады. Атомдық және кванттық құбылыстардың табиғатын түсіндіру кезінде туындайтын педагогикалық қиындықтар, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалын меңгерту жолдары талданады. Сонымен қатар физиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын, интерактивті модельдерді, виртуалды эксперименттерді және зерттеушілік тапсырмаларды қолданудың мүмкіндіктері сипатталады. Оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру және физикалық заңдылықтарды күнделікті өмірдегі технологиялармен байланыстыра түсіндіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Published

2026-10-19

How to Cite

Рахымбеков Айтбай Жапарович, & Айғазы Сұңқар Ермекұлы. (2026). АТОМДЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Interdisciplinary Science Studies, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ISS/article/view/9399

Issue

Section

Physical and Mathematical Sciences