Студенттердің суицидтік мінез-құлқының қорғаныш факторы ретіндегі психологиялық төзімділік (Қазақстан Республикасының 2023–2025 жж. статистикасы негізінде)
Keywords:
психологиялық төзімділік, суицидтік мінез-құлық, студенттер, эмоцияны реттеу, байланыстылық, gatekeeper, peer-to-peer, ҚазақстанAbstract
Мақалада студент жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алудағы психологиялық төзімділіктің (resilience) қорғаныш рөлі талданады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2023–2025 жылдардағы деректері мен халықаралық эпидемиологиялық зерттеулер негізінде қауіп-қатер факторларын іздеуге бағытталған дәстүрлі тәсілден ішкі қорғаныш ресурстарын дамытуға негізделген модельге көшу қажеттігі дәлелденеді. Төзімділіктің екі өзекті құрамдас бөлігі — эмоцияны реттеу және оқу орнымен байланыстылық — егжей-тегжейлі қарастырылады. Қорытындыда эдвайзерлерді «қақпашы» (gatekeeper) ретінде даярлау, тең-теңімен (peer-to-peer) қолдау жүйесі, психоағарту модульдері және университеттің психологиялық қызметінің жұмыс алгоритмі ұсынылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.