«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы бунақденелілерінің түрлік құрамы
Abstract
Қазақстанның табиғи ландшафттары мен биологиялық ресурстарын сақтау мақсатында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ішінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орны ерекше. "Тарбағатай" ұлттық табиғи саябағы" РММ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі кoмитетiнiң "Тaрбaғaтaй "мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 382 Қаулысына сəйкес құрылды[1]. Тарбағатай ұлттық саябағы 2018 жылы ғана құрылғандықтан, бұл өңірде кездесетін бунақденелілердің түрлік құрамы, экологиялық ерекшеліктері туралы мəліметтердің аздығы зерттеуді қажет етеді. Ұлттық саябақ Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Абай облысының аумағында орналасқан және Тарбағатай жотасының табиғи кешендерін, таулы және тау бөктеріндегі ландшафттарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған. Аумақтың жер бедері, климаттық жағдайлары, өсімдік жамылғысы мен табиғи мекен ету орталарының әртүрлілігі жануарлардың, соның ішінде бунақденелілердің алуан түрлілігі қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.