ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК ГИПС ҚҰРАМДЫ ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕГІ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ МАТЕРИАЛДАР: ӘДЕБИ ШОЛУ

Authors

  • Нұртөре Әлішер Ғалымжанұлы магистрант, инженер, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • Байменова Гульназ Рахимовна Научный руководитель доктор PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Abstract

Құрылыста гипс байланыстырғыштарына деген сұраныс ешқашан төмендеген емес, мұның түсінікті себептері бар. Технологиясы қиын емес, цементпен салыстырсақ, энергия әлдеқайда аз жұмсалады - бірнеше есе. Жабдыққа салынатын қаржы да, металл да көп кетпейді. Двуводный гипс жартылай сулы күйге 140-220 °C шамасында-ақ өтеді. Клинкерді күйдіруге бұдан әлдеқайда жоғары температура керек, сондықтан отын шығыны да, атмосфераға тасталатын СО2 мөлшері де мүлде басқа деңгейде [1, 2].

Бірақ табиғи гипс тасы кез келген өңірде табыла бермейді. Кен орны алыста болса, тасымалдау шығыны өнімнің өзіндік құнына едәуір әсер етеді. Сол себепті көптеген зерттеушілер өнеркәсіптің гипсі бар қалдықтарына назар аударады - фосфогипс, цитрогипс, боргипс, фторангидрит сияқты. Әлемде мұндай қалдықтың елуден астам түрі бар екені белгілі [3]. Олардың жыл сайын түзілетін көлемі байланыстырғыш алу үшін өндірілетін табиғи гипс тасынан анағұрлым көп.

Published

2026-10-19

How to Cite

Нұртөре Әлішер Ғалымжанұлы, & Байменова Гульназ Рахимовна. (2026). ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК ГИПС ҚҰРАМДЫ ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕГІ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ МАТЕРИАЛДАР: ӘДЕБИ ШОЛУ. Interdisciplinary Science Studies, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ISS/article/view/9433