ҚАЛДЫҚ СУЛАРДЫ ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ

Authors

  • Исаев Ғани Исаұлы техн.ғ.к., профессор м.а., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан Республикасы.
  • Нармахан Айгүл Мұхитқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.

Keywords:

ағынды су, суды қайта пайдалану, су ресурстарын басқару, автожуу, коагуляция, мембраналық тазарту, су сапасын бақылау

Abstract

Су ресурстарын ұтымды басқаруда ағынды суды тазарту мен оны мақсатқа сәйкес қайта пайдалану өзара байланысты міндеттер болып табылады. Мақаланың мақсаты – қалдық сулардың құрамы, тазарту технологиялары және қайталама қолдану талаптары арасындағы байланысты жүйелеп, автожуу кәсіпорындары үшін технологиялық шешім таңдау өлшемдерін негіздеу. Зерттеуде Қазақстан ғалымдарының және халықаралық авторлардың жарияланымдарын іріктеу, салыстырмалы талдау, нәтижелерді сапалық жинақтау және технологиялық сызбаны құрастыру әдістері қолданылды. Талдау механикалық тазарту мен мұнай өнімдерін бөлудің бастапқы қорғаныс қызметін атқаратынын, ал тұрақты эмульсиялар мен еріген заттар қосымша өңдеуді қажет ететінін көрсетті. Технологияларды салыстыру негізінде су сапасына қарай өзгертілетін сатылар, қайтарылатын су ағыны, таза сумен толықтыру және қалдықтарды әкету қамтылған сызба ұсынылды. Қайта пайдалану бағыттары бақылау көрсеткіштерімен байланыстырылды. Негізгі нәтиже – суды барынша терең тазартуға емес, нақты қолдануға жеткілікті әрі тұрақты сапаға қол жеткізуге негізделген таңдау тәртібі. Ұсыныстар шағын қызмет көрсету кәсіпорындарының су есебін, жабдық күтімін және төгінділерді басқаруын жетілдіруге арналған.

Published

2026-10-19

How to Cite

Исаев Ғани Исаұлы, & Нармахан Айгүл Мұхитқызы. (2026). ҚАЛДЫҚ СУЛАРДЫ ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ. Interdisciplinary Science Studies, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ISS/article/view/9436

Issue

Section

Biological Sciences