СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН ЗОНДЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Authors

  • Дубурбаева Гүлжан Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистры, аға оқытушы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан
  • Қойшыбаева Гүлмира Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистры, аға оқытушы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан

Abstract

Су шаруашылығы нысандары орналасқан жерді қашықтан зондылаудың заманауи жер серіктері, күрделі зияткерлік техникалық құрылғылардан тұрады, олар нысан суреті және жер бетінің аудандары бойынша командалар мен бағдарламаларды дәл және үйлесімді орындайды. Аппарат негізгі бөлігі – бақылау нысандарының электрлі магниттік энергиясын фокустап, қабылдап және түрлендіру қабілеті бар арнайы қабылдау аппаратурасынан тұрады. Бақылау аппаратурасы қазіргі күні үш типтен тұрады:

  • фотографиялық;
  • оптикалық-электронды;
  • радиолокациялық.

Аппаратура сезімталдығы спектральдық көрініспен немесе, басқаша айтқанда, каналдар санымен анықталады, оларда электрлі магниттік спектрдің әртүрлі теілмдерінде деректерді жинау жүргізіледі.

Түсіру аппаратурасы спектрдің көрінетін және инрфақызыл облысы үшін жартылай желілі фотоқабылдайтын құрылғылар және  оптикасы (шынылы немесе линзалы) немесе нысандарды шағылыстыруға және шағылған сигналдарды қабылдауға мүмкіндік беретін СВЧ-диапазон үшін антенді жүйеден тұруы мүмкін. Бұл жерден, ғарыштан Жерді қашықтан зондылаудың (ЖҚЗ) әдістерінің екі үлкен класы шығады: пассивті және белсенді [1-3].

ЖҚЗ оптикалық-электрондық жерсеріктерінде объектив ретінде, фотографиялықтағы сияқты линзалы емес, ал айналы телескоптар пайдаланылады. Бұл жағдайда, электрлі магниттік сәулені қабылдағыш ретінде фотопленка емес, ал зарядты байланыстағы (ПЗС) жартылай желісті аспаптар қолданылады.

Published

2023-03-27

How to Cite

Дубурбаева Гүлжан, & Қойшыбаева Гүлмира. (2023). СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН ЗОНДЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Reviews of Modern Science, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/1115

Issue

Section

Technical Sciences