ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ
Abstract
Баянауыл ауылын сумен қамтамасыз ету көзі болып жер асты су көздері қабылданды. Жер асты су көздерінің тұрмыстық-шаруашылық мақсатта пайдаланудағы негізгі қоры 25 жыл бойы тәулігіне 4,8 мың. м3 құрайды. Жер асты су көзінің қоры 01.01.2009 жылдан бері жергілікті атқарушы орган баланысында тіркелген. Баянауыл ауылы бойынша жергілікті жер асты су қорының мөлшері бойынша осы уақытқа дейін өзгеріс байқалмаған. Баянауыл бекетінің мемлекеттік желісінің режимдік ұңғымалары бойынша, сондай-ақ су алу ұңғымаларын салу процесінде гидрохимиялық сынама жүргізу қажет ("Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" ММ 20.07.09 ж. хат №16-13-5-1589) екені анықталды.
Жобада тәулігіне 1155 м3 көлемінде су алу көзделеді, бұл бекітілген қорлардан едәуір кем (бекітілген қор тәулігіне 4800 м3). Жер асты сулары Баянауыл гранит массивінің төменгі жоғарғы палеозой интрузивті кешені граниттерінің ашық жарылуы мен тектоникалық бұзылыстары аймақтарымен шектеседі. Судың сапасы оны тазартусыз, ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.