Кредит Нарығы
Abstract
Нарықтық экономикада қаржы нарығының қандай түрі болса да оның дамуы немесе құлдырауында үлкен рөл атқаратыны айтпаса да белгілі. Соның ішінде қаржы нарығының құрамдас бөлігі,ақша айналысында маңызды рөл атқаратын несие нарығының да қазіргі таңда өзектілігі өте жоғары, себебі жалпы тұтастай алғанда несенің өзіне халық тарапынан сұраныс өте үлкен деңгейде. Бүгінгі күні ұялы телефон, ноутбук, үй жиһаздарын, тұрмыстық техника немесе машина, тұрғын үй және басқа да техниканың қайсы бірін болса да тұтынушылар несие немесе бөліп төлеуге алады, тіпті бизнесті де ашуда осы несие көмегіне жүгінетіндер аз емес. Осылайша халықтың ақша қаражаттары жинақталып, экономикада ақша, капитал айналысы жүзеге асады. Жалпы несие нарығына анықтама беретін болсақ:
Несие нарығы-белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақша қаражаттарын қажет ететін халық пен кәсіп иелеріне немесе өзгеде шаруашылық жүргізуші субьектілерге заң бойынша белгіленген стандарттар мен шарттар негізінде қарыз беру процесстері жүретін нарық түрі. Несие нарығының басты қарыз беруші субьектісі банк болып табылады және көбінесе несиемен қамтамасыз етуде банктер осы салымшылардың өзі депозит жинақтарына салған қаражатты немесе өз капиталын көздерін пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан екінші деңгейлі банктерге аз мөлшерде несие түріндегі ақша қаражаттарын бөледі, ал екінші деңгейлі банктер оның үстіне көбейтіп мөлшерлеме қосу арқылы,халыққа қарыз беріп, өз маржасын тауып отырады. Осы несие алу көмегіне жүгіну немесе одан алшақ болу туралы әртүрлі пікірлер кездеседі, дегенмен жеке тұлға тарапынан қарайтын болсақ негізінде тиімсіз нұсқа болып табылады. Оның себебі, қазір несие мөлшерлемелерін банктер өте жоғары деңгейде белгілейді,соның кесірінен тұтынушылар алған затының бағасынан екі есе кейде тіпті одан да көп қаражат төлейді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.