Қазақтың дәстүрлі аңшылығы (тарихи-этнографиялық аспект)

Authors

  • Шагалиевна Г. Е.
  • Жаманбаева Л.К.
  • Қажыкен А.

Abstract

Адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап аңшылық барлық халықтың өмірінде маңызды орын алды. Ол алғашында негізгі шаруашылықты құрағанымен, өндірістік шаруашылықтың дамуымен қосалқы шаруашылыққа айналды. Қазақ халқы да аңшылықпен ертеден айналысып, өзіндік дәстүрлілік қалыптастырды. Көшпелі қоғамда негізгі көшпелі мал шаруашылығының өнімімен қатар аңшылық өнімі де пайдаланылды. Аңшылық қосалқы тамақ өнімі ретінде ғана емес, демалу, қоршаған ортаны тану, білу, серуен құру, болашақ ұрпақты әскери салаға тәрбиелеуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, қазақ халқы күрделі экожүйеде өмір сүріп, оны барынша меңгеріп, ондағы өзгерістер мен заңдылыққа бағына отырып, сан ғасырлық тәжірибе нәтижесінде көшпелі мал шаруашылығымен бірге дәстүрлі аңшылық өнерді дамытты. Қазақ аңшылығы әр кезеңде этнография ғылымында әртүрлі деңгейде зерттеліп, көбіне ғылыми мақалалар шегінде көрініс тапты.

Published

2024-05-19

How to Cite

Шагалиевна Г. Е., Жаманбаева Л.К., & Қажыкен А. (2024). Қазақтың дәстүрлі аңшылығы (тарихи-этнографиялық аспект). Reviews of Modern Science, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/3590

Issue

Section

Historical Sciences