ҚАРАҚАТ СОРТТАРЫН ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ФОРМАЛАРЫН IN VITRO ЖАҒДАЙЫНА ЕНГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • Сарбаева Айдана Ерлановна С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің магистрантыС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің магистранты
  • Беккужина Сара Сабденовна биология ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы

Abstract

Қарақат биологиялық және экономикалық жағынан құнды және маңызды жидек түрі болып саналады. Қара қарақат (Ribes nigrum L.) жоғары өнімділігімен және сапалы жидектерімен ерекшеленеді. Олар өз кезегінде емдік қасиеттерімен белгілі. Қарақат қоңыржай климаты бар солтүстік аймақтарда таралған 150-ге жуық түрі бар Ribes тұқымдасына жатады. Ribes – адам денсаулығы үшін маңызды С дәрумені мен антоцианиндердің бай көзі ретінде танылып келе жатқан маңызды дақыл. Оңтүстік Қазақстанда қарақат селекциясы дамыған, өкінішке орай Солтүстік Қазақстанда қарақаттың селекция бағдарламасы ойдағыдай жүргізілмейді. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда қарақат селекциясының іргетасын қалау үшін жергілікті формаларды жинақтау мақсатында оларды in vitro жағдайына енгізіп микроклоналды көбейту жұмысы жүргізіледі.

Бұл жұмыстың өзектілігі - жергілікті қарақат формаларын сақтап қалу барысында оларды көбейтуде биотехнология әдістерін қолдану.

Қарақат өсімдігінің жергілікті формалары және “Душистый”, “Голубка”, “Золотистая”, “Приморский чемпион” сорттары қолданылды. Эксплант ретінде бүршік, меристема және дамыған бүршіктері алынды.

Эксперименттік зерттеулерге сәйкес қарақат өсімдігінің жергілікті формаларының өсіндідісінің даму қабілеті сорттармен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие болды. Атап айтқанда, эксплант ретінде алынған бүршіктен стерильді өскіндердің дамуы 14-тәулікте 70 %, ал меристема өсіндісінде 57% көрсеткішке ие. Қарақат сорттары мен жергілікті формаларының өсіндісінің дамуын салыстыру барысында көктем мерзімінде жергілікті форма өсіндісіндегі стерильді өскіндерінің дамуы 67%, ал сорттардың көрсеткішіне келетін болсақ, мысалы “Душистый” сорты 33%, “Голубка” сорты 17%-ы дамыды. Қарақат өсімдігінің экспланттары 3 түрлі мезгілде (көктем, күз, қыс) in vitro жағдайында отырғызылып таза өсінді алынды. Нәтижелерге сәйкес қыс-көктем (ақпан-наурыз) мерзімінде қарақат өсіндісінде стерилді өскіндердің дамуы айтарлықтай жоғары болды.

Published

2024-05-19

How to Cite

Сарбаева Айдана Ерлановна, & Беккужина Сара Сабденовна. (2024). ҚАРАҚАТ СОРТТАРЫН ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ФОРМАЛАРЫН IN VITRO ЖАҒДАЙЫНА ЕНГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Reviews of Modern Science, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/3595

Issue

Section

Biological Sciences