ЖЕРГІЛІКТІ ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕРДІ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Authors

  • Сихымбаев Ә.Е. биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.А.Ясауи атындағы, Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Түркістан
  • Бейспекова М.С. магистрант, І.Жансүгіров атындағы, Жетісу университеті, Талдықорған
  • Егембердиев Е.Т. магистр, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Түркістан

Abstract

        Қоршаған ортадағы табиғи компоненттерді биология сабағында пайдалану – берілетін білімнің күнделікті тұрмыспен байланысын арттырады, оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына көмегін тигізеді.

        Болашақ биолог мамандарды дайындау барысында экологиялық білім міндетті түрде қажет, өйткені экология – биология ғылымының өткен ғасырдың соңынан бастап қарқынды дамып келе жатқан ірі саласы болып табылады. Бүгінгі таңда экология - биология ғылымының аясынан шығып, әлемдік ғылымдардың қатарына қосылды. Яғни, барлық саланы экологияландыру процесі жүріп жатыр.

        Биология сабақтарында жергілікті материалдарды тиімді пайдалану, туған өлкенің ерекшелігімен танысып, білім алушылардың табиғатқа деген жанашырлығын оятады. Экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз - адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын болашақ мамандарға түсіндіру болып табылады [1].

       Қазіргі таңда табиғи ресурстарды тиімді пайдаланатын, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жас ұрпақ тәрбиелеу ерекше маңызды.

Published

2024-05-19

How to Cite

Сихымбаев Ә.Е., Бейспекова М.С., & Егембердиев Е.Т. (2024). ЖЕРГІЛІКТІ ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕРДІ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ. Reviews of Modern Science, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/3606

Issue

Section

Pedagogical Sciences