ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫНДАҒЫ. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИАНЫҢ РӨЛІ
Keywords:
әлеуметтік медиа, интернет, сайлау, сайлау науқаны, сайлау процесі, мәслихат сайлауы, саяси партиялар, азаматтық қоғамAbstract
Ұсынылған мақала Қазақстан Республикасы мәслихат сайлауларындағы әлеуметтік медианың рөлін зерттеуге арналған. Сайлау науқанында әлеуметтік желілерді пайдаланудың тиімділігін анықтайтын факторлар мәселесі факультативтік түрде қарастырылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердегі жұмыстың дауыс беру нәтижесіне әсері шамалы деген тұжырым бар. Мұның себептері, бір жағынан, әлеуметтік желілердегі саяси жарнама саласындағы білікті мамандардың тапшылығына байланысты. Сонымен қатар негізгі жарнамалық платформаны таңдау кезінде елеулі қателіктер жіберіледі. Дәстүрлі саяси партиялар мен олардың өкілдеріне пайдаланушылардың төмен сенімі, интернет-қоғамдастықтың бөлшектенуінің жоғары деңгейі және оның жекелеген сегменттері арасында салыстырмалы түрде әлсіз байланыс мәселелері шешілмей отыр. Саяси партияға немесе жеке саясаткерге өз қызметін қоршаған шындықтың сын-қатерлеріне сәйкес ұйымдастыру, қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктері арқылы өз имиджін шебер қалыптастыру және ілгерілету маңызды және ең алдымен, оның көрінісі – ақпарат.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.