Ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары

Authors

  • Игенов Айдар Сарсенович студент 3 курса образовательной программы 6В06103-Информационные системы, Карагандинский университет имени академика Е.А. Букетова

Abstract

Қазіргі уақытта ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қорғау ұғымдарының рөлі анағұрлым өсуде. Бұл ақпарат көлемінің және жалпы ағында тасымалданатын мәліметтердің саяси, экономикалық (нарықтық) маңызды ақпарат  үлесінің динамикалық көбеюіне байланысты. Сондықтан, бүгінде ақпараттық технологиялар саласында қызмет істейтін қазіргі заманғы білікті маман ақпараттық қауіпсіздік обылысында негізгі ережелерді білуі және пайдалана алуы қажет.

Мақалада симметриялық алгоритмдердің көптеген мысалдары келтірілген және С# тілінде программалар құрастырылған .

Шифрлау – ашық мәтіндік деректерді (ашық мәтінді) кездейсоқ және мағынасыз болып көрінетін нәрсеге (шифр) түрлендіру процесі. Шифрды шешу – шифрленген мәтінді ашық мәтінге қайта түрлендіру процесі.

Әрбір шифрлау алгоритмінің мақсаты кілтті пайдаланбай жасалған шифрлық мәтіннің шифрын ашуды мүмкіндігінше қиындату болып табылады. Егер шынымен жақсы шифрлау алгоритмі қолданылса, онда әрбір ықтимал кілтті әдістемелік түрде сынап көруден жақсы әдіс жоқ. Мұндай алгоритм үшін кілт неғұрлым ұзағырақ болса, соғұрлым кілтке ие болмай шифр фрагментін ашу қиынырақ болады.

Көптеген әртүрлі шифрлау жүйелері бар. Оларға әскери істерде, дипломатиялық қызметте, жалпы хат алмасудың мазмұнын құпия сақтау қажет болған жағдайларда жүгінеді. Мәтінді шифрлауды адамзат бірінші құпия ақпарат пайда болған сәттен бастап қолданады, яғни ол арналмаған адамдар үшін қол жетімсіз болуы керек.

Published

2024-05-19

How to Cite

Игенов Айдар Сарсенович. (2024). Ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары. Reviews of Modern Science, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/3643

Issue

Section

Technical Sciences