Тарих сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығының құралы ретінде топонимиканы зерттеудегі өлкетану тәсілі

Authors

  • Сәрсембі Н. Б.
  • Шүршітбай Б. Ш.
  • Қасымбекова Д. А.

Abstract

Қазақстанның шығыс өңірін ежелден мекендеген сақ, ғұн, түркі тағы басқа тайпалардың тарихы, дәстүрлі тұрмыс – тіршілігі аумақтарында қоғамдық өзгерістерді, тарихи – географиялық ерекшеліктерді айғақтайтын топонимдерді өмірге алып келді.

Қазақстан өңірінің топонимиялық жүйесі осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды «жадында» сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеуге топонимист ғалымдар ерекше мән берген. Кез-келген қоғамның материалдық негізі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келбетін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар.

Published

2024-05-19

How to Cite

Сәрсембі Н. Б., Шүршітбай Б. Ш., & Қасымбекова Д. А. (2024). Тарих сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығының құралы ретінде топонимиканы зерттеудегі өлкетану тәсілі. Reviews of Modern Science, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/3654

Issue

Section

Historical Sciences