Полимерлі қосылыстардың прекурсорлары ретінде гликолурил негізіндегі макроциклді қосылыстарды синтездеу әдістері

Authors

  • Канашева Нурдана Кабыкеновна
  • Еркасов Рахметулла Шарапиденович Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ КЕАҚ д.х.н, профессоры, Астана қ., Қазақстан

Abstract

Қазіргі уақытта гликолурил фармацевтикалық препараттарды [1], жарылғыш заттарды [2-5], байланыстырғыштарды, арнайы мақсаттағы полимерлерді [6] және басқа да құнды қосылыстарды өндіру үшін қолданылады.

Соңғы онжылдықтарда белсенді дамып келе жатқан гликолурил химиясының жаңа саласы гликолурил мен оның туындыларына (кукурбит[n]урилдер, бамбус[n]урилдер, тиара[n]урилдер, «молекулалық қысқыштар» және оларды қамтитын супрамолекулалық жүйелердің түзілуі) негізделген бірегей бақыланатын қасиеттері бар макроциклді қосылыстар жасау болып табылады. Гликолурил құрылыс материалы ретінде қоданылатын, гликолурилден алынған супрамолекулалық қосылыстар органикалық жартылай өткізгіш материалдардың құрамдас бөлігі ретінде [7], пролонгаторлар және бақыланатын шығарылымы бар молекулалық контейнерлер сияқты фармацевтикалық препараттардың көмекші қосылыстары ретінде [8-10], беттік белсенді заттар, бактериялық эндотоксиндер және биогенді аминдер сияқты амфифилді компоненттерді жедел талдауға арналған молекулалық сенсорлар мен «молекулалық тану» қасиеттері бар материалдар ретінде [11-15] зерттелді.

Published

2024-09-01

How to Cite

Канашева Нурдана Кабыкеновна, & Еркасов Рахметулла Шарапиденович. (2024). Полимерлі қосылыстардың прекурсорлары ретінде гликолурил негізіндегі макроциклді қосылыстарды синтездеу әдістері. Reviews of Modern Science, (7). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/4132

Issue

Section

Chemical Sciences