Бағдарламалау тілін автоматты түрде кодты тексеру және компиляциялау үшін таңдау: Java қолданудың артықшылықтары
Abstract
Бағдарламалық кодты тексеру және компиляциялау үдерісін автоматтандыру білім беру мекемелерінде сенімді әрі өнімді серверлік шешімді талап етеді. Бұл мақалада автоматты кодты тексеру жүйесін (АКТЖ) іске асыру үшін бағдарламалау тілін таңдауда маңызды критерийлер қарастырылады. Негізгі назар Java тіліне аударылады, себебі ол өнімділік, қауіпсіздік, икемділік және масштабталу қасиеттерінің оңтайлы үйлесімін ұсынады. Бұл мақалада Java-ның архитектуралық ерекшеліктері, интеграция мүмкіндіктері және қауіпсіздік артықшылықтары талданады, сонымен қатар студенттік кодты автоматты түрде тексеру жүйесін құруға жарамдылығын растайтын статистикалық мәліметтер келтіріледі.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.