ҚАЗАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН ДӘСТҮРЛІ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕРІ
Abstract
Табиғатты қастерлеу, қорғау – қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мәдени дәстүрі. Көшпелі өмір сүрген қазақ елі табиғат сырын терең ұғынған, табиғатты игерудегі білімі жан-жақты болған. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті табиғат пен адамның етене тығыз байланысты болғандығын және олардың бір-бірінен ажырамас күйде өмір сүргендігін куәлайды. Мұның негізінде көшпелілер өздерін табиғаттың тікелей жалғасы, өзін табиғатың перзенті ретінде сезінуі жатыр. Игерілмеген қуаң дала мен шөлейтті тек көшпелі ғана меңгере алды. Көшпелі қазақ қоғамында табиғат тек сыйыну, ләззаттану, сенудің объектісі болып қана қоймай, сонымен қоса ол өз қоғамында әлеуметтік мәдени реттеуші қызметін атқарады. Көшпелілер табиғатты тірі, әрі ақылды деп санаған. Қазақтардың ілкі тектерінің сеніп келген діні – тәңіршілдік табиғатты құрмет тұтудан, оған сыйынудан туындаған. Бұл діндегі басты құдай – Көк тәңірі, «көк» дегеніміз тіршілікті, өмірдің бастауын білдіреді. Қазақ елі үшін қоршаған орта деген ұғым өте маңызды, мағыналы: өскен орта қасиетті де, қастерлі.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.