СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ КҮШ ЖҮКТЕМЕСІН МӨЛШЕРЛЕУДЕГІ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕР
Abstract
Бұл мақала студенттердің денсаулығын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің рөлін, соның ішінде, дене шынықтыру сабақтары уақытындағы, спорттық секциядағы және өз бетінше жаттығу барысындағы дене күш жүктемесін мөлшерлеу мәселесін шешуге арналған. Мақалада тұлғаның дұрыс дамуына, салауатты өмір салтына тәрбиелеуге тигізетін дене шынықтыру жаттығуларының әсері келтіріледі. Студенттер арасында дене тәрбиесімен шұғылданбайтын және салауатты өмір салтын ұстанбайтын жастардың проблемасын болдырмау, олардың денсаулықтарын нығайту және салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі маңызды қажеттіліктерді үйрету жолдары қарастырылды.
Дене шынықтыру – әрбір адамдардың өміріндегі маңызды элементтердің бірі. Дене жаттығулары адам денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс қабілетіне әрқашан оңды әсерін береді. Бүгінгі күнде, дене шынықтыру мен денсаулықтың, әсіресе еңбек өнімділігі мен жұмыс қабілеттілігінің арасындағы байланыс қажеттілігі айқын сезілгендіктен дене тәрбиесі және спорттағы түрлі жаттығу жұмыстарына байланысты дене күш жүктемесінің мөлшерін студенттер ағзасына тиімді жобада қою мәселесі өте маңызды проблемалардың бірі. Өйткені, дене күш жүктемесінің мөлшерін дұрыс жоспарлай білу тұлғаның дұрыс дамуына жағдай жасап қана қоймай, олардың денсаулықтарын нығайтудың басты жолы болары анық.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.