Физикалық жаттығуларды жоспарлауда жасанды интеллект технологияларын қолдану ерекшеліктері
Keywords:
дене шынықтыру, жасанды интеллект, физикалық жаттығулар, машиналық оқыту, дербестендіру, виртуалды шындық, денсаулық сақтау технологиялары, цифрлық бақылауAbstract
Бұл мақалада дене шынықтыру сабағын жоспарлау процесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу барысында ЖИ технологияларының оқушылардың жеке физикалық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін дербестендіруге ықпалы анықталды. Мақаланың негізгі мақсаты – ЖИ арқылы физикалық жаттығуларды жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу, тиімді модельдерді ұсыну. Зерттеуде деректерді талдау, машиналық оқыту алгоритмдері, виртуалды шындық және цифрлық қадағалау технологиялары қолданылды. Нәтижесінде жасанды интеллекттің әр оқушыға жеке бағытталған жаттығулар кешенін құрастырудағы тиімділігі дәлелденді. Сонымен қатар, ЖИ технологияларының көмегімен физикалық жаттығулардың нәтижелілігін болжау мен бақылау мүмкіндіктері көрсетілді. Практикалық бөлімде мектептерде өткізілген тәжірибелік сынақтар негізінде жасанды интеллектті қолданып құрылған жаттығулар жоспарының тиімділігі талданды. Қорытындыда дене шынықтыру сабақтарында ЖИ технологияларын пайдалану оқушылардың дене дайындығын арттырып қана қоймай, сабақтардың қызықты және нәтижелі өтуіне ықпал ететіні дәлелденді. Мақала физикалық тәрбиеде цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру мәселесіне қызығушылық танытатын мамандар мен зерттеушілерге арналады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.