БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІК БАҒЫТ

Authors

  • Набиева Назымгүл Тоқтарханқызы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Филология ғылымдарының магистрі

Abstract

          Қазақстандық ғалымдар (М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, Н.Н.Нұрахметов) тарапынан білімге деген жаңаша көзқарастарды саралау және білім сапасын арттыру мақсатында жаңа ізденіс-зерттеулер жүргізіліп, білім беру мақсатын жеке тұлғаның дамуымен бірлікте қарастыруды көздейтін, әлемнің көптеген дамыған елдерінің білім саласында жүйелі түрде іске асуы негізінде оң көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқан «Нәтижеге бағдарланған білім» моделін өзіміздің «ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай» ұштастыру ұсынылды. Сонымен қатар жаңа бағыттағы білім мазмұны анықталды: білім мазмұнының макромоделі – Тарих – Білім – Мәдениет болып белгіленді.   Мұнда лингвомәденитанымдық аспектілерге ерекше көңіл бөлінді. Ол тіл – мәдениет – білім үшеуін бірлікте меңгеруді ұсынды. Пәнді оқытудың нәтижесі ана тілінде сауатты сөйлеу, жазу, өз ойын еркін жеткізу деп белгіленді. Бұл тілді оқытудың нәтижесін сөйлесім әрекеті түрінде белгілеуге негіз болды.  

            Сонымен қатар білім берудегі жаңа идеологияны іздестіруге әлеуметтік және педагогикалық факторлар да өзек болып отыр. Оның негізгілерінің бірі ретінде қоғамның жылдам өзгеріп, тез қарқынмен дамуын айтуға болады. Осыған орай, мектептегі берілетін білім шынайы өмірдегі өзгерістермен ұштастырылатындай бағытта құрылып, мектеп бітіруші түлектерді үлкен өмірге дайындау қажеттігі туындап отыр. Мектеп түлектерін  өмірде болып жатқан өзгерістерге дайындау және білім беруді заман ағымына сай жетілдіру мақсатында ұсынылып отырған «Нәтижеге бағдарланған білім» моделінің соңғы нәтижесі – оқушылардың игерген құзіреттіліктері (компетенттіліктері) болмақ.

Published

2025-07-14

How to Cite

Набиева Назымгүл Тоқтарханқызы. (2025). БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІК БАҒЫТ. Reviews of Modern Science, (10). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/6579

Issue

Section

Pedagogical Sciences