Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінің су тасқындарын геоақпараттық жүйелер арқылы картографиялық зерттеу
Keywords:
ГАЖ технологиясы, ArcGIS,, жерсеріктік деректер, төтенше жағдайлар, Ертіс өзені, су тасқыны, ландшафттық талдау, мониторинг, гидрологиялық зерттеуAbstract
Бұл ғылыми мақалада табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың бірі — су тасқынының пайда болу себептері мен олардың кеңістіктік таралу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзені алқабы алынған. Геоақпараттық жүйелер (GIS) технологиялары мен Landsat-8 жерсеріктік деректері негізінде ArcGIS бағдарламасында екі апталық уақыт аралығындағы жағдайды салыстырмалы түрде бейнелейтін карталар әзірленді. Жүргізілген талдау нәтижесінде Ертіс өзеніндегі су тасқынының туындауына ықпал еткен факторлар және қазіргі экожүйелік жағдайы бағаланды. Зерттеу нәтижелері табиғи апаттардың алдын алу мен болжау бағытындағы жұмыстарға практикалық негіз бола алады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.