ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ЗЕРТТЕУ
Keywords:
виртуалды зертхана, онлайн-симуляция, физика пәні, цифрлық білім беру, PhET, oPhysics, vascak.cz, BilimLand.kz, эмпирикалық зерттеу, қауіпсіздікAbstract
Мақалада физика пәнін оқыту барысында виртуалды зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған онлайн-симуляциялық платформалардың мүмкіндіктері кешенді түрде қарастырылды. Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы оқыту үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуді талап етеді. Зерттеу PhET Interactive Simulations, oPhysics, vascak.cz және Қазақстандық BilimLand.kz платформаларына салыстырмалы талдау жүргізді. Автордың 7-8 сыныптардың 24 оқушысы қатысқан эмпирикалық зерттеуі виртуалды симуляциялардың оқушылардың танымдық белсенділігін, мотивациясын және академиялық көрсеткіштерін арттыратынын растады. Виртуалды зертханалардың артықшылықтары, шектеулері және қауіпсіздік мәселелері сараланып, оларды Қазақстанның орта білім беру жүйесіне интеграциялаудың ғылыми негізделген тәсілдері ұсынылды. Зерттеу нәтижелері физика пәнін оқыту сапасын арттыруға және гибридті білім беру моделін енгізуге ғылыми негіз бола алады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.