КІШІ АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ КӘСІПТІК БАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Authors

  • Ермаханова Ж.З. «БШҒӨО» ЖШС Арал филиалының кіші ғылыми қызметкері, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Keywords:

Кіші Арал теңізі, кәсіптік балықтар, ихтиофауна, популяция, ұзындық-салмақ көрсеткіштері

Abstract

Зерттеуде Кіші Арал теңізі бассейніндегі кәсіптік балық түрлерінің морфобиологиялық көрсеткіштері, сандық арақатынасы және популяциялық динамикасы 2016–2025 жылдар аралығындағы көпжылдық мониторингтік деректер негізінде кешенді түрде талданған. Кіші Арал теңізінде балықтардың 28 түрі тіркелген оның 12-сі кәсіпшілік аулау квотасына енгізілген. 2016 -2021 жылдар аралығында Кіші Арал теңізінің гидрологиялық жағдайы оңтайлы болса, 2022–2025 жылдары Сырдария ағынының 51%-ға қысқаруы, тұздылықтың 10 ‰-ге артуы негізгі кәсіптік балық түрлерінің дамуында орташа ұзындығы мен салмағында регрессивті төмендеу үрдісі анықталды. Популяциялардың өлшемдік-жастық құрылымының жасаруына қарамастан, Фультон бойынша қоңдылық коэффициенттерінің жоғары деңгейде сақталуы ихтиофаунаның өгермелі гидроэкологиялық ортаға бейімделу қабілетін көрсетеді. Жұмыста кәсіптік балық қорларын молайту мен тұрақты пайдалану үшін су айдынының гидрологиялық режимін тұрақтандыру және аулау деңгейін ғылыми негізде реттеу қажеттілігі негізделген

Published

2026-09-06

How to Cite

Ермаханова Ж.З. (2026). КІШІ АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ КӘСІПТІК БАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ. Reviews of Modern Science, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/9238

Issue

Section

Biological Sciences