КҮРІШ ҚАУЫЗЫНЫҢ КҮЛІН БЕТОН ҚҰРАМЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • Арыстанбек А.Б. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,докторант
  • Үдербаев С.С. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, т.ғ.д., профессор

Keywords:

күріш қауызы, күріш қауызының күлі, кремний диоксиді, бетон, минералдық қоспа, беріктік, аязға төзімділік, өндірістік қалдық

Abstract

Мақалада күріш өндірісінен шығатын қалдықтардың бірі  - күріш қауызы және оны жағу нәтижесінде алынатын күріш қауызының күлін бетон өндірісінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Күріш қауызының күлі құрамындағы кремний диоксидінің күйі жағу температурасына, жағу ұзақтығына және кейінгі өңдеу тәсіліне байланысты екені көрсетілді. Температура дұрыс таңдалғанда күл құрамында белсенді аморфты кремний диоксиді түзіледі. Ол цементтің қатаюы кезінде пайда болатын кальций гидроксидімен әрекеттесіп, бетон құрылымын тығыздайтын қосымша қосылыстар түзеді. Күріш қауызының күлін ұнтақтау, алдын ала қышқылмен өңдеу және цементпен бірге белсендіру тәсілдері талданды. Сонымен қатар күлдің бетон қоспасының қозғалғыштығына, сығу кезіндегі беріктігіне, су сіңіргіштігіне және аязға төзімділігіне әсері түсіндірілді. Тәжірибелік зерттеу нәтижелері бойынша күріш қауызының күлі мен мұнай шламы бірге қолданылған бетон құрамдарының 7 және 28 тәуліктегі беріктігі салыстырылды. Зерттеу нәтижелері күріш қауызының күлін бетон құрамында тиімді пайдалану үшін оның сапасын, мөлшерін және қоспадағы басқа компоненттермен үйлесімділігін ескеру қажет екенін көрсетті

Published

2026-09-06

How to Cite

Арыстанбек А.Б., & Үдербаев С.С. (2026). КҮРІШ ҚАУЫЗЫНЫҢ КҮЛІН БЕТОН ҚҰРАМЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Reviews of Modern Science, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RMS/article/view/9242

Issue

Section

Technical Sciences