Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері

Authors

  • Аманбаева Махаббат Батырғалиқызы Phd доктор, қауым.профессор, м.а., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
  • Әбдікәрім Әйгерім Сағадатқызы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 8D01513-Phd студенті

Abstract

Бүгінгі таңда ақпараттар ағыны тасқындап өсіп отырған жағдайында жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті болашақ биолог мүғалімдерді даярлау мен оқытудың мақсаттары елеулі өзгеріске ұшырады. Өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу - қазіргі қоғам алдындағы мақсат. Енді болашақ мамандардан аса көлемді ақпаратты игеру емес, оны нақты өмірде қолдана білу талап етіледі. Жоғары оқу орындарында маман даярлаудың сапалық көрсеткіші қазіргі қоғам талаптарына да тығыз байланысты. Болашақ биолог мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыты – қазіргі қоғамның талабына сай, өз еркімен шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің талапқа сәйкес келуіне негізделеді.

Қазіргі таңда болашақ биолог мұғалімдердің кәсіби даярлығын қамтамасыз етуде жоғары білім беру жүйесінде, білім мазмұнының, оқыту әдістерінің, педагогикалық технологияларды пайдалануды жетілдіру қажет етіп отыр. Осы міндеттерді шешу үшін болашақ биолог мұғалімдердің кәсіби даярлығын білім стандарттарына сәйкес олардың кәсіби біліктілігін дамытып, жаңартылған білім мазмұны негізінде ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру қажет.

Published

2023-05-15

How to Cite

Аманбаева Махаббат Батырғалиқызы, & Әбдікәрім Әйгерім Сағадатқызы. (2023). Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері. Research Retrieval and Academic Letters, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/1484