ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Abstract
Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған орай оның теориясы қалыптасқан. «Теория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз.
Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте -мәдени құбылыс; -педагогикалық ықпал ету; -балалардың әрекетін ұйымдастыру; -қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты қарастырылады.
К. Д. Ушинский: «Адамға тәрбие беру әдістері» атты іргелі еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар – бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қаблеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне... көз жеткізеді» [1].