ҚАЗАҚ БИ-ШЕШЕНДЕРІ СӨЗДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МӘНІ

Authors

  • Рахым Құндыз Ыбырайқызы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 2-курс магистранты, Орал, Қазақстан

Abstract

 Шешендік сөздер – би-шешендердің өнегелі ой мұрасы, мағынасы терең, тəрбиелік мəні зор, құнды дүние, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, атадан балаға жетіп отырған асыл қазына. Қазақ халқының шешендік өнерін зерттеген ғалым Б.Адамбаев: «Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік өнер. Шешендік сөздер, ақындық айтыс секілді, қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанрларының бірі. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, қағазда емес, ауызда – халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол – бастапқы қалпында емес, бізге ұзын-ырғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-ауызға көшіп, ауыса жүріп, өңдеу-жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың, талай таптың санасынан, екшеп-елеуінен өткен; сөйтіп, қысқарған, ұстарған, жалпы халық шығармасына айналған» [1, 82 б.] – деген қонымды пікір білдіреді. Бұл пікірге сүйеніп, шешендік сөздер – қазақ халық ауыз әдебиетінің дербес жанры, дерекке негізделген, екшелген, сұрыпталған, бейнелі, көркем, ұтқыр сөздер жиынтығы деп тұжырымдауға болады.

Published

2023-05-15

How to Cite

Рахым Құндыз Ыбырайқызы. (2023). ҚАЗАҚ БИ-ШЕШЕНДЕРІ СӨЗДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МӘНІ. Research Retrieval and Academic Letters, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/1503