Математика сабақтарындағы оқушылардың жоғары ойлау дағдыларын дифференциалдық теңдеулерді физикалық, химиялық құбылыстарды зерттеуде қолдану арқылы дамыту
Abstract
12А сынып оқушыларының мониторинг нәтижелерін талдауда жоғары ойлау дағдыларын қажет ететін оқу мақсаттарын төмен меңгергендігі анықталды. Және бұрынғы жылдардағы сыртқы жиынтық бағалаудың әр түрлі жылдардағы талдау нәтижелері оқушылардың физикалық есептерді математикалық тәсілмен шешуде қиналатындығын көрсетті. Оқушыларды болашақ практикалық қызметке дайындау мақсатында, интеграциялық есептерді шешу үшін математикалық аппаратты қолдануға бағыттайтын әрекеттер қажеттілігі анықталды. Мұндай есептер сыртқы жиынтық бағалауда үшінші компоненттерде қарастырылады. ал үшінші компонент нәтижелері орташа есеппен бірінші және екінші компонент нәтижелерінен төмен. Бұл есептер оқушылардың жоғары ойлау дағдыларын қажет етеді. Олардың ішінде зерттеу дағдыларының талдау бөлігін қажет етеді. Осы орайда кәсіби даму мақсаты ретінде «Интеграциялық тапсырмалар арқылы оқушылардың талдау дағдыларын дамыту» іс –әрекетті зерттеу мақсаты таңдалды. 12-ші сыныпта қарастырылатын «Гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеулерін шығарады» оқу мақсатын қарастыратын сабақ барысында пәнаралық байланыс қарастырылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.