Ақпараттандыру және байланыс саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілікті жүзеге асырудағы салыстырмалы-құқықтық талдау: шетелдік үздік тәжірибе
Keywords:
ақпарат, ақпараттық технология, ақпараттандыру, байланыс, әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік-құқықтық жауапкершілікAbstract
Ақпараттық технологиялар мен цифрлық дәуірде ақпараттандыру және байланыс күнделікті өміріміздің, қоғам мен мемлекеттің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар мен жүйелердің дамуы қоғам мен азамат үшін пайдалы тұстары болғанымен, ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік шараларын күшейту мен аталған саладағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуде өзекті болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік шараларын жетілдіру тұсында, әлемнің үздік мемлекеттерінің тәжірибелеріне назар аудара отырып, ақпараттандыру және байланыс саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілген. Зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстанның ұлттық заңнамасында енгізілуі немесе жетілдірілуі мүмкін құқықтық реттеудің негізгі аспектілері мен тиімді әдістерін анықтау болып табылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.