Азаматтық құқықтағы кінәсіз жауапкершілік феномені
Keywords:
Кінә, кінәсіз жауапкершілік, оқиғаAbstract
Бұл мақалада авторлар азаматтық құқықтағы кінәсіз жауапкершіліктің құқықтық болмысын қарастырады. Зерттеудің мақсаты - азаматтық құқықтағы кінәсіз жауапкершіліктің құқықтық табиғатын, мәнін ашу, кінәлі және кінәсіз жауапкершілік шегін анықтау. Кінәсіз жауапкершілік мәселесі бірнеше уақыттан бері заңгерлер қауымдастығының қызығушылығын тудыруда, себебі бұл мәселе теориялық және практикалық маңызға ие. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасының кейбір нормаларында зиянды өтеу құқық бұзушының кінәсіне қарамастан жүзеге асырылуы тиіс ұйғарымдар бар екені анықталды. Десек те екінші жағынан, бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы авторлардың азаматтық құқықтағы кінәсіз жауапкершіліктің құқықтық болмысын ашып, кінәні азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарттары жүйесінде бірінші кезектегі мәселе ретінде белгілеп, соңғы кездері азаматтық құқық ғылымында кеңінен орын алып жатқан "кінәсіз жауапкершілік" тенденциясының кеңеюін сынға алумен анықталады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін заңнамалық және сот практикасында қолдану мүмкіндігімен анықталады. Зерттеу барысында диалектикалық, жүйелік және логикалық әдістер қолданылды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.