Биология сабақтарында проблемалық технологияны қолданудың маңызы

Authors

  • Бекенова Назым Аманкуловна к.б.н,доцент, КазНПУ имени Абая, г.Алматы, Казахстан
  • Алшора Ғалымжан Керімжанұлы 4 курс студенті, КазНПУ имени Абая, г.Алматы, Казахстан

Abstract

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.

Заманауи мектепте оқытуды жаңа әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыруда оқушылардың қажетті құзырлылықтарын қамтамасыз ететін педагогикалық технологияларды қолданған орынды. 
Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа оқыту технологиясы жеке тұлғаның жетілеуіне көмектесіп, оларды білімді азамат етіп қалыптастыру – заман талабы. Педагогикалық технологиялардың арасында қазірде тиімділігі - проблемалық оқыту технологиясы . 

Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану оқушының танымдық, ізденушілік іс-әрекеттерін жандандырып, оның шығармашылық ойлауын дамытады. Мұндай технологияны пайдаланудың мақсаты – оқушы мен мұғалімнің проблемалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету болып табылады.  

Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин, Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова, Қ. Бітібаева, Нағымжанова Қ.М. өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген.

Published

2024-03-25

How to Cite

Бекенова Назым Аманкуловна, & Алшора Ғалымжан Керімжанұлы. (2024). Биология сабақтарында проблемалық технологияны қолданудың маңызы . Research Retrieval and Academic Letters, (5). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/3192