Биология сабақтарында проблемалық технологияны қолданудың негізгі ерекшеліктері

Authors

  • Бекенова Назым Аманкуловна к.б.н,доцент, КазНПУ имени Абая, г.Алматы, Казахстан
  • Бақтыбайқызы Ақерке 4 курс студенті, КазНПУ имени Абая, г.Алматы, Казахстан
  • Бекмурзина Тілекші Қайратқызы 4 курс студенті, КазНПУ имени Абая, г.Алматы, Казахстан

Abstract

Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты  - мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде  проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.

 Проблемалық оқытудың жаңа әдістері мен түрлері: іскерлік ойындар, баяндамалар мен ақпараттық хабарлар, кері байланысты дәрістер, дәріс –диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікірталас, ұжымдық –танымдық оқу және  тағы басқалар.

Сонымен проблемалық оқыту оқушыны танымдық көкжиегін кеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады, білім игеру қарқынын тездетеді, тапсырмаларды орындау  кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады. Ерекшелігі мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Бұл технологиялық әдістегі ең маңызы мәселе – жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі.

Проблемалық оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – теориялық мәселелерден туындайтын жаңа ұғымдар мен пікірлерді оқушылардың өз беттерімен іздестіруі, ол өз кезегінде оқушылардың білімді берік сапалы меңгерулеріне, ойлау қабілеттерін, білік, дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.

Published

2024-03-25

How to Cite

Бекенова Назым Аманкуловна, Бақтыбайқызы Ақерке, & Бекмурзина Тілекші Қайратқызы. (2024). Биология сабақтарында проблемалық технологияны қолданудың негізгі ерекшеліктері . Research Retrieval and Academic Letters, (5). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/3193