ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨМІР КЕНІШТЕРІНЕН АЛЫНҒАН КӨМІРДІҢ ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУДА АНАЛИТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Authors

  • Баймолда Д Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Ленник С.Г Ядролық физика институты, Алатау қалашығы, Қазақстан

Keywords:

аналитикалық әдіс, көмір, рентген сәулесі, көмірдің күлі, микроэлемент, гамма-сәулесі, күкірт

Abstract

Бұл мақалада әлемнің дамушы елдері үшін негізгі энергия көзі болып табылатын көмірдің химиялық құрамын зерттеуде аналитикалық әдістерді қолдану жолдары туралы сөз болады. Әлем бойынша көмір өндірісі соңғы жылдары аса қарқынды түрде дамып бара жатқаны белгілі. Осыған байланысты көмір өндірісінде аналитикалық әдістерді қолдану мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Сондай-ақ, рентген сәулесі (X-ray), гамма сәулесі (γ-ray) және нейтрондық әрекеттестік секілді физикалық құбылыстарға негізделген аналитикалық әдістердің көмегімен көмірді жақпай тұрып-ақ оның сапасына баға беруге болатындығы жөнінде айтылады. Мақалада көмірді өндірмес бұрын кеніш жағдайындағы және көмірдің күлінің құрамын аналитикалық әдістердің арасындағы ең қолайлы әдістердің бірі - рентген флуорецсенциялық зерттеу әдісінің көмегімен қалай зерттеп, бақылауға болатындығы айтылады

Published

2024-07-08

How to Cite

Баймолда Д, & Ленник С.Г. (2024). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨМІР КЕНІШТЕРІНЕН АЛЫНҒАН КӨМІРДІҢ ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУДА АНАЛИТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ. Research Retrieval and Academic Letters, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/3942