НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖӘНЕ ГИПЕРАКТИВТІЛІК БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫН ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ
Abstract
Гиперактивті сөз екі бөліктің бірігуінен пайда болған: «гипер» – грек тілінен аударғанда «hyper» – жоғарыда, үстінде және «белсенді», «тиімді» дегенді білдіреді. Гиперактивтілік мәселесін зерттеуді неміс психоневрологы Гейнрих Хоффман бастады, ол алғаш рет бір секундтта орындықта отыра алмайтын өте қозғалмалы баланы суреттеді. Бұл, шамамен, 150 жыл бұрын болған.
Француз авторлары Дж. Филип пен П.Бонкур «студенттер арасындағы психологиялық ауытқулар» кітабында эпилептиктер, астениктер, истериктер, тұрақсыз студенттер деп аталатын адамдарды бөліп көрсетті. Содан бері көптеген ғалымдар мінез-құлықтың невротикалық ауытқулары мен оқу қиындықтары мәселесін зерттей бастағанымен, ұзақ уақыт бойы баланың мұндай жағдайдағы мінез-құлқы туралы ғылыми анықтама болған жоқ. 1947 жылы педиатрлар оқу қиындықтары бар балалардың гиперактивтілік синдромына нақты клиникалық сипаттама беруге тырысты. Дәл осындай белгілерді сипаттау кезінде зерттеушілер гиперактивтілік синдромын басқаша атады, яғни, осы уақытқа дейін бұл аурудың атауына қатысты бірыңғай көзқарас болған жоқ.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.