КӘДІМГІ ШАНДРА (MARRUBIUM VULGARE L.) ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ЭКСТРАКТ АЛУДЫҢ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ
Keywords:
Кәдімгі шандра (Marrubium vulgare L.), дәрілік өсімдік шикізаты, экстракт, биологиялық белсенді заттар, флавоноидтар, эфир майлары, таниндер, алкалоидтар, халық медицинасы, антиоксидантты әсер, мацерация, перколяция, ультрадыбыстық экстракцияAbstract
Қазіргі таңда табиғи дәрілік өсімдіктерден экстракт алу және оларды медицинада пайдалану фармацевтика саласындағы өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Өсімдік тектес дәрілік заттарға сұраныстың артуы олардың қолжетімділігіне, биологиялық белсенділігінің жоғары болуына және синтетикалық препараттарға қарағанда жанама әсерлерінің аз болуына байланысты.
Кәдімгі шандра (Marrubium vulgare L.) – құрамында флавоноидтар, эфир майлары, алкалоидтар және басқа да биологиялық белсенді қосылыстар бар перспективті дәрілік өсімдік. Ол халық медицинасында қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, асқорыту жүйесін жақсартатын және иммунитетті көтеретін құрал ретінде кеңінен қолданылады. Алайда бұл өсімдіктің емдік қасиеттерін фармацевтикалық мақсатта тиімді пайдалану үшін оның экстракт алу технологиясын ғылыми негізде әзірлеу қажет.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.