ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ТӘСІЛІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Abstract
«Төңкерілген сынып» тәсілі (ағылш. Flipped Classroom) – дәстүрлі оқыту процесін керісінше ұйымдастыруға негізделген педагогикалық модель [1]. Бұл модель бойынша білім алушылар жаңа теориялық материалды сыныптан тыс уақытта (үйде) өз бетінше меңгереді де, ал аудиториядағы сабақ уақытында білімді практика жүзінде қолданып, бекітумен айналысады. Яғни, білім алушы үйде мұғалім ұсынған бейнесабақтар, электронды оқу ресурстары немесе әдебиеттер арқылы теорияны оқып келеді де, сыныпта мұғалімнің жетекшілігімен практикалық тапсырмаларды, талқылауларды, жобаларды орындайды. Төңкерілген сыныптың мәні – оқу процесінің негізгі кезеңдерін ауыстыру, «лекция – үй тапсырмасы» ретін «үйде теориялық даярлық – сыныпта практикалық қолдану» ретіне төңкеру болып табылады [2].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.