Абай мұрасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі және бай мен болыс бейнесі

Authors

  • Бисембайұлы Мирас әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің PhD докторанты, Алматы, Қазақстан
  • Аширова Айгуль Куанбеккызы №100 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, Астана, Қазақстан
  • Халелова Акерке Оралбековна 104 орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Астана, Қазақстан
  • Садыкова Жадыра Ануаровна 73 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, Астана, Қазақстан

Abstract

Абай Құнанбайұлы – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушысы, ойшыл, философ, ақын, сазгер әрі аудармашы. Анасы Ұлжан мен әкесі Құнанбай оған Ибраһим деген есім берді. Әкесі тобықты руының белгілі билеушісі, ал әжесі Зере жастайынан Абайды тәрбиелеген дана кісі болған. Абай Семейдегі «Ахмет Риза» медресесінде 1857-1858 жылдары білім алған. Әкесі Құнанбай билеу ісіне тарту мақсатында оны оқудан шығарады. Әкесі сияқты Абай да болыс қызметін атқарған. 1875-1878 жылдары Қоңыр-Көкше елінде болыс болады. 1885 жылы Семейдің төбе биі болып сайланады. Семей облыстық статистикалық комитетіне 1886 жылы мүше болды [1]. Абай Құнанбайұлы ел арасында тек билеу ісімен емес, ақындығымен де танылды. Бірақ оның ақындық пен ғылымға деген өнері тек Абай 40 жасқа келгенде ғана белгілі бола бастағанға ұқсайды. Ол жайында Абай былайша өз өкінішін білдіреді:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Published

2025-05-19

How to Cite

Бисембайұлы Мирас, Аширова Айгуль Куанбеккызы, Халелова Акерке Оралбековна, & Садыкова Жадыра Ануаровна. (2025). Абай мұрасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі және бай мен болыс бейнесі. Research Retrieval and Academic Letters, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/6198