Тағам атауларының менталдық бейнесі және фразеологиялық мағына жасаудағы қызметі
Keywords:
қазақ тілі, тамақ, азық-түлік атаулары, тұрақты сөз тіркестері, фразеологизм, тағам метафораларыAbstract
Мақала қазақ тіліндегі құрамында (компонент) тамақ, азық-түлік атаулары бар фразеологиялық бірліктердің когнитив репрезентациясын және олардың фразеологиялық бірліктердің жасалуындағы рөлін зерттейді.
Осыған дейінгі зерттеулерде тағам, азық-түлік атаулары кездесетін фразеологизмдер лексика-семантикалық тұрғыдан ғана жүйеленіп, топтастырылып келді, ал когнитивтік лингвистика бағытында терең зерттеу жүргізілмеді.
Зерттеуіміздің жаңалығы қазақ тіліндегі тағамға қатысты фразеологизмдер «когнитивтік метафора теориясы» сүйене отырып, тағам, азық-түлік атауларының нақты өмір тәжірибелердегі абстрактілі ұғымдармен байланыстырылған метафоралық жүйе қалыптастырғаны талданады. Зерттеу нысанасы ретінде құрамында тамақ, азық-түлік атаулары бар фразеологизмдер алынып, бұл фразеологизмдер тақырыптық (концептуалды) жүйеді топтастырылды және олардың мағыналық өрісі құрылды,
І. Кенесбаевтың “Фразеологиялық сөздігі” - 124; А. Қайдардың “Тысяча метких и образных выражений” сөздігінен - 48, жалпы саны - 172 тағам, азық-түлік атауы және фразеологизмдер анықталып, тақырыптық категорияларға топтастырылды, талдау жасалды және зерттеу нәтижелері цифрлық құралдар көмегімен визуализацияланды. Зерттеу нәтижесі тағам атауларының қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер құрамында когнитивтік және мәдени репрезентация факторы ретінде маңызды рөл атқаратынын көрсетті.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.