Жетісу өңірінің Текелі – Үштөбе аймағындағы 2011–2024 жылдар аралығындағы көктем мезгіліндегі ауа температурасы өзгерістерін математикалық модельдеу және болжау Ғылыми жетекші:
Keywords:
температура, уақыттық қатар, регрессия, климат өзгерісі, Текелі – Үштөбе аймағы, болжам, көктем мезгіліAbstract
Бұл ғылыми зерттеу Жетісу өңірінің Текелі – Үштөбе аймағындағы 2011–2024 жылдар аралығындағы көктем мезгіліндегі орташа айлық ауа температурасының өзгерістерін талдауға, математикалық модель құруға және болашақ болжамдар жасауға арналған. Зерттеу 3-кестеде келтірілген нақты көпжылдық метеорологиялық деректерге сүйенеді. Жұмыс барысында уақыттық қатарлардың статистикалық талдауы жүргізіліп, сызықтық трендтік модель құрылды. Модель нәтижелері көктем мезгіліндегі температураның соңғы 14 жылда орта есеппен жылына 0,15°C-ге тұрақты түрде өсіп отырғанын көрсетті. Детерминация коэффициентінің мәні (R² = 0,82) модельдің нақтылығын және трендтің айқын екенін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері климат өзгерісін бағалау, аграрлық жоспарлау және аймақтық экологиялық мониторинг жүргізу үшін қолдануға болады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.