АЛАКӨЛ КӨЛІНІҢ 2009–2015 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ СУ ДЕҢГЕЙІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ: УАҚЫТТЫҚ ҚАТАРЛАР ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Keywords:
Алакөл, су деңгейі, уақыттық қатар, коррелограмма, полиномиалдық модель, сырғыма орташа, гидрологияAbstract
Бұл мақалада Алакөл көлінің 2000–2024 жылдар аралығындағы айлық гидрологиялық деректеріне негізделген 2009–2015 жылдар аралығындағы су деңгейінің өзгеру динамикасын зерттеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеу мақсаты — осы жылдар үшін уақыттық қатар негізіндегі математикалық модельді құру, коррелограмма тұрғызу және болжау мүмкіндігін бағалау.
Жұмыста графикалық талдау, автокорреляция (L = 1, 2, 3, 4), сырғыма орташа және полиномиалдық трендтік модельдер қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, көл деңгейінің уақыттық қатары айқын маусымдық сипатқа ие және 2009–2015 жылдары екі фазалы динамика байқалады: 2009–2011 жж. — өсу, 2012–2015 жж. — төмендеу. Алынған модельдер ішінен екінші ретті полиномиалдық трендтің сәйкестігі жоғары (R² ≈ 0.93), бұл оны болжау үшін тиімді модель ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.