Сыртқы ауаның төмен температурасында жұмыс істейтін жылу сорғылары

Authors

  • Есболғанов Дидар 6В07106-Тоңазытқыш машиналар және кондиционерлеу жүйелері білім беру бағдарламасының 4-курс студенті., Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Дүйсен Қуаныш 6В07106-Тоңазытқыш машиналар және кондиционерлеу жүйелері білім беру бағдарламасының 4-курс студенті., Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Ильясов Е.С. «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының сеньор-лекторы
  • Джулаева Ж.Т. «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының сеньор-лекторы
  • Жұмахан Нұржан Бейбітұлы Алматы технологиялық университеті

Keywords:

Жылу сорғысы, төмен температура, ауа көзді жылу сорғысы, энергия тиімділігі, инверторлы компрессор, мұзданудан қорғау, гибридті жылыту жүйесі, R410A салқындатқышы, жылу алмастырғыш, жылутехникалық модельдеу

Abstract

Жылу сорғылары қоршаған орта энергиясын пайдалана отырып, ғимараттарды жылытуға мүмкіндік беретін энергия үнемдеуші технологиялардың бірі болып саналады. Алайда, сыртқы температура −20…−25 °C деңгейіне дейін төмендегенде олардың тиімділігі азаятындықтан, арнайы инженерлік шешімдерді қолдану қажеттілігі туындайды.

Зерттеуде инверторлы компрессор, кеңейтілген буландырғыш беті, мұздануға қарсы автоматты режим және гибридті электрқыздырғыш секілді техникалық шешімдердің жүйе жұмысына әсері талданды. Модельдеу нәтижелері жылу сорғысының төмен температурада да тұрақты жылу беруді қамтамасыз ете алатынын, ал энергия тиімділік коэффициенті (СОР) −25 °C жағдайында 1.9–2.3 аралығында сақталатынын көрсетті.

Жүргізілген зерттеу жылу сорғыларын суық климаттық аймақтарда қолданудың мүмкіндігін дәлелдейді және оларды тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік нысандарда дәстүрлі жылыту жүйелерін алмастыру үшін тиімді шешім ретінде ұсынады.

Published

2025-12-15

How to Cite

Есболғанов Дидар, Дүйсен Қуаныш, Ильясов Е.С., Джулаева Ж.Т., & Жұмахан Нұржан Бейбітұлы. (2025). Сыртқы ауаның төмен температурасында жұмыс істейтін жылу сорғылары . Research Retrieval and Academic Letters, (11). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/7412